Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ
Жамбыл облысында микроавтобус жанып кетті
738
оқылды

Батыс Еуропа-Батыс Қытай республикалық тас жолының 447 шақырымында Жамбыл облысы Алғабас ауылы маңында Алматыға кетіп бара жатқан «Mercedes-Benz Sprinter» жолаушы тасымалдаушы көлігі өртеніп кетті.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Т.Рысқұлов ауданының Төтенше жағдай бөлімі, Жедел жәрдем қызметі және Жамбыл облыстық Полиция департаменті ППБ қызметкерлері барып алғашқы көмек көрсеткен. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ.