Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
660
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.