ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғындарымен кездесті.
Сенатор Әлібек Нәутиев Құрманғазы ауданының тұрғындарымен кездесті
609
оқылды

Сенатор Атырау облысының әкімімен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және ардагерлермен кездесті. Кездесуге қатысушылар жол, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ауызсу, электр энергиясы, отын бағасы, медициналық және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар депутат Сенаттың заң шығару қызметі туралы айтып, заңдардың жекелеген нормаларына назар аударды.

«Қазіргі таңда халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне қатысты 17 заң бар. Заңнаманың барлық нормалары біріктіріліп, Әлеуметтік кодекске енгізілді. Кодекс адамның бүкіл өмірлік циклін қамтиды. Бұл құжат туғаннан кәмелетке толғанға дейінгі әлеуметтік қолдауды, жұмысқа орналасуды, еңбекті қорғауды, әлеуметтік сақтандыру шараларын, қиын жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ қартайған шақта қолдау көрсету мәселелерін реттейді», – деді Әлібек Нәутиев.