«Қазақстан» шахтасындағы өрттен кейін хабарсыз кеткен бес кеншінің екеуінің денесі табылды,- деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Екі жұмысшы қайтыс болды. Қалғандары іздестіріліп жатыр», - деді облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Айта кетейік, бүгін сағат 10.05-те Д6 (көкжиек – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасы өртенді. Апатты жою жоспары енгізілді.
Оқиға болған кезде жерастында 227 адам болған. 222 адам жер бетіне шығарылды.