Жұмысшыларды іздеп-табу үшін 3 бөлімше жұмылдырылған.
«Қазақстан» шахтасында тағы бір адамның денесі табылды
669
оқылды

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында тағы бір жұмысшының мәйіті табылды.

«Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеру жұмыстарына жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр», – деді «Арселор Миттал Теміртау» бас директорының орынбасары Сергей Огай.