Соқтығысқан автокөліктердің екеуі де жанып кетті.
«Астана – Петропавл» трассасында жантүршігерлік апат болып, 2 адам көз жұмды
683
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Аралағаш ауылының маңында екі көлік соқтығысып, екеуі де жанып кетті. Салдарынан екі адам қаза тауып, жүк көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыз сағат 21:45 шамасында «Астана – Петропавл» автожолының 431-шақырымында, яғни Аққайың ауданы Аралағаш ауылының маңында «Toyota Hiace» автомашинасы мен жартылай тіркемесі бар «MAN» жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан екі автокөлік те жанып кетті.

«Toyota Hiace» көлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен оның 54 жастағы жолаушысы, екеуі де Астана қаласының тұрғыны – жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды.

«MAN» жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Полицейлердің айтуынша, тиісті сараптамалар тағайындалған. Оқиға орны мен көліктер мұқият тексеріліп, барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.