Қазір кеншінің кім екені анықталып жатыр.
«Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің денесі табылды
651
оқылды

«Қазақстан» шахтасында үшінші кеншінің денесі табылды.

«Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады», – деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы.

Компания қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсететінін мәлімдеді. Көмекке мыналар кіреді: 

  • жерлеуге байланысты шығындарды жабу;  
  • қайтыс болған жұмысшылардың 10 жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
  • 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);  
  • 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу;  
  • жоқ адамдарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;  
  • қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;  
  • ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;  
  • серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;  
  • әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерлеріне жыл сайынғы жолдамалар.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді.