Бүгін Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тасжолында жедел жәрдем машинасы мен «Урал» жүк көлігі соқтығысқан болатын
Денсаулық сақтау министрлігі қаза тапқан жедел жәрдем қызметкерлерінің туыстарына көңіл айтты
1,147
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Фельдшер Мұхит Демеубаев пен жүргізуші Ермек Есболатов Матай ауылындағы балаға шақыртудан базаға оралып келе жатып, трассада жол апатына ұшырады.

"Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін және денсаулық сақтаудың барлық саласы үшін үлкен қайғылы жағдай. Мұндай жағдайлар дәрігерлердің жанқиярлығын білдіреді, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларды құтқарады", - делінген хабарламада.