Алматы полициясы клиенттің тапсырысын алып, белгіленген орынға жеткізбей жоғалып кеткен курьерді ұстады.
"Сәлемдемені тапсырыс орнына жеткізбей, жоғалып кеткен курьер ұсталды. 2002 жылы туған азамат А.-ның айтуынша, келеңсіз жағдай ұялы телефонының бұзылып қалуына байланысты болған. Курьер кеше тапсырыс берушімен хабарласып, сәлемдемені жеткізгенін айтып отыр. Объектив мән-жайды Алмалы ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.