Сараптама тағайындалды
Ақмола облысының тұрғыны кәріс жүйесіне құлап, мерт болды
573
оқылды
16 тамызда Ақмола облысы Шортанды ауданындағы елді мекендердің бірінде 66 жастағы тұрғын кәріз жүйесіне құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды polisia.kz.

Жазатайым оқиға түнгі уақытта, үйдің ауласында болған.

Қарт адам туыстарына қонаққа барған. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.