Құралай ханым жаңадан үйленген жылдары жұбайының жүрісін жасырмады.
"Негізі менің психологияға келуім отбасымыздағы сондай процестерден болды. Содан кейін мен көп іздендім. Оқып, психологке барып. Отбасымызды бірқалыпқа келтіріп алдым. Тіпті, ол жағдайға алғысым шексіз. Егер де ол жағдай болмаса, мен әлі Қошмамбетте (ауылда) сиыр сауып отырар едім", – деді ол.
Сондай-ақ коуч өзіне айтылып жүрген "Елді алдап ақша таптың" деген пікірге қатысты ойын да жеткізген. Ол 2008 жылдан бастап жеке кәсіпкер екенін, салық төлейтінін алға тартты.
"Менің шын ниетім, мен білгенді ел білсе екен дедім. Бәрібір, тәжік бар, орыс бар қазаққа сабақ өткізіп, келіп, 100 мыңнан, миллионнан алып жатыр. Неге қазақтың бір Құралайы шыққан кезде соны біз таптап, тістеп, шашып тастаймыз. Елдің бәрі есі шығып "Құралай мыстан" деп жатады. Қайтемін? Болсақ, болыппыз. Кешіріңіздер енді", – деп қосты ол.