Психолог бала күнінде зорланған балалар есейгенде жыныстық қарым-қатынасқа түсуге қиналатынын жеткізді. Маман осының салдары тіпті ажырасуға дейін апарып жатқанын айтып, дабыл қақты.
Психолог Гүлиза Сәлімбай әкесімен жыныстық қатынасқа түскен жас қыздың өмірін мысал етті. Айтуынша, жан жарасын іште тұншықтырмай емдеген дұрыс. Сондай-ақ, Caravan.kz медиа-порталы тілшісі педофилдердің түр-сипаты қандай болатынын да сұрап білді.
Анасы үшін көніп жүрген: психолог туған әкесі зорлаған қыздың оқиғасын айтып берді
6,754
оқылды

"Ол кісі терапияға келгенде бұл оқиғасын бірден айтпады. Негізі қаржылық мәселесін дұрыстау үшін келген болатын. Терапия барысында әкесімен арасында кінәрат бары анықталды.

Әкесін сұрағанымда ішкілікке қатты берілгенін, үйде күнде ұрыс-жанжал болғанын ғана айтып отырды. Әкесі анасын «қыз туа бересің» деп айыптайды. Бала күндерінде сіңлісін қарға лақтырып та жіберген екен. Бастапқыда осыларды ғана айтты. Сонан өксіп жылап, әрі қарайғы әңгімесін бастады.

Жолдасымен төсек қарым-қатынасына еркін түсе алмайтынын айтты. Денесі тітіркеніп, тырысып қалады екен. «Қосылатын кезде мазам кетеді. Ішім алай-дүлей болып кетеді» деді. Мұның себебі бала күнінде алған үрейі. 3-4-сыныптарында әкесі қызын жыныстық қарым-қатынасқа шақырған. «Анаңа айтсаң, анаңды ұрамын, өлтіремін» деп қорқытқан. Анасының күнделікті таяқ жеп жүргенін көрген қыз бұл құпияны айтсам, «анам екі есе көп таяқ жейді. Өлтіріп тастайды» деп ойлаған. Үндемеген. Қыздың айтуы бойынша, әкесі оның қыздық пердесіне тиместен артқы жағынан жасап жүрген. Анасы үшін қыз әкесіне рұқсат беріп, көніп жүреді. Бұл жағдай бір емес, бірнеше рет болған", - деді психолог.

Ақыры қыздың ата-анасы ажырасқан. Қыздар анасымен бірге өседі.