Балалардың жалпы жағдайы ауыр.
Ақтөбе облысында екі бала шөптен уланып қалды
1,947
оқылды
Ақтөбе облысында екі бала улы шөптен уланып қалды. 

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 18 тамызға қараған түні аудандық ауруханаға Қобда ауданының Өтек ауылынан 5 және 3 жастағы балалар ауыр халде жеткізілгенін айтты. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлады.

"Балалар садақа кезінде ауылдың ішінде ойнаған, олар үйге сағат 18.00-дер шамасында келген. Жағдайы нашарлаған соң туыстары көмек сұрап, балаларды сағат 04.00-де аудандық ауруханаға жеткізді. Содан кейін олар Ақтөбедегі ана мен баланы қорғау орталығына ауыстырылды. Балалардың жалпы жағдайы ауыр, сандырақтап жатыр, дене қызуы – 38 градус. Туыстарының айтуынша, балалар ұйықтай берген, көңіл күйі жоқ",– дейді Рүстем Исаев.