Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы +18...24 градусқа дейін төмендейді.
"Жаңбыр жауып, күн суытады": 22-24 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
19,773
оқылды

22-24 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылынған және тұрақсыз ауа массалары сақталып, жаңбыр жаууына себеп болады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер болжамынша, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай жарқылдап, қатты жел соғып, бұршақ және жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде күндіз ауа температурасы +18...24 градусқа дейін төмендейді. Елдің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Фото: primicia.com.ve