Павлодарда жоғалған бала табылды, – деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Vita іздестіру тобының мәліметінше, жеткіншекті еріктілер мен Полиция департаментінің қызметкерлері тауып алған.
«Ол Batyr mall ойын-сауық орталығынан табылды. Бұған дейін ол осы ауданда тұрған. Бала таңертең достарымен қыдыруға шығып кеткен. Ал ата-анасы үйде болмағандықтан ескерте алмаған», – дейді еріктілер.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең сағат 09:30 шамасында Екінші Павлодар шағын ауданында Мойылды көшесінде тұратын 10 жасар бала үйінен шығып, жоғалып кеткен болатын.