Бұған дейін Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары болған Жасұлан Еламанов жаңа қызметке тағайындалды.
Ұлытау облысының прокуроры тағайындалды
1,136
оқылды

Президенттің келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жасұлан Бекмырзаұлы Еламанов Ұлытау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Жасұлан Еламанов 1977 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Алматы қаласы прокуратурасында Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болды.

Одан бөлек, Алматы облысы Ескелді ауданының прокуроры, Жамбыл облысы Қордай ауданының, Тараз қаласының прокуроры, Қызылорда облысы прокурорының және Бас көлік прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Фото Бас прокуратураның баспасөз қызметінен алынды