Кейбір мәлімет бойынша, балалардың анасы оқиға орнында көз жұмған, әкесі ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Екі бала ауыр халде жатыр: Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты
9,551
оқылды

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты.

 

Аtpress.kz жазуынша, қайғылы оқиға 21 тамызда кешкі уақытта республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахан тасжолының 635-шақырымында болған.  

«Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда сағат 19.30 шамасында Toyota Prada және Lada Granta көліктері соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada Granta көлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен Toyota Prada көлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Белгілі болғандай, ауруханаға жеткізілген екі жолаушы ата-аналарымен бірге апатқа ұшыраған жасөспірімдер болып шықты. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр деп бағалап отыр.

«Ағалы-қарындасты екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олардың біріне кеше ота жасалды, екіншісіне бүгін ота жасалады, екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр»,  – деді дәрігерлер.

Кейбір мәлімет бойынша, балалардың анасы оқиға орнында көз жұмған, әкесі ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Фото: alataunewskz