Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
450
оқылды

22 тамызда сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ–2107 автокөлігі мен DAEWOO автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

"Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Сол көліктегі 10 жасар бала ауруханаға жатқызылды", – делінген өңірлік полиция хабарламасында.