ҰҚК-нің мәліметінше, биыл 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдікті ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапқа тартылды.
Жыл басынан бері БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталды.
Фото: ҰҚК-нен алынды