Павлодар облысында жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодарда 5 боди-массаж салоны жұмысын тоқтатты
1,732
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері интимдік қызметті ұйымдастыруға қатысы бар күдікті қылмыстық топты анықтады. 

Бір мезгілде Павлодар және Екібастұз қаласында жезөкшелік және жеңгетайлықпен айналысқан 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты. 

«25 тінту жүргізілді. Полицияға 30-дан астам адам жеткізілді. Оның ішінде, әкімшілер, массажистер және осы мекемелердің клиенттері бар. Тінту барысында 10 млн теңге және 1 600 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат, екі аңшы мылтығы, екі газ тапанша, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім жинақтары, маскалар, қамшылар, кісендер, жарнамалық өнімдер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді. Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады», – деді Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов. 

Қазір  4 факті негізінде  Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: polisia.kz