Сыр өңірінде жаңа оқу жылы қарсаңында осал отбасынан шыққан 37 мың 087 балаларға мектепке дайындығына бір реттік қаржылай көмек берілуде. Оған жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінген. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте сала мамандары мәлімдеді.
Қызылордада көмекке мұқтаж балаларға бір реттік қаржылай қолдау көрсетілуде
1,164
оқылды

Жалпы өңірде жаңа оқу жылында 180 мың оқушы білім нәрімен сусындамақ. Оның ішінде бірінші сыныпқа 17 мың 543 оқушы қабылданады. Бүгінде барлық білім ошақтары жаңа оқу жылына дайындығын пысықтады.

«Қазіргі таңда облысқа барлық білім ұйымдарының оқу жылына дайындығы ойдағыдай. Жергілікті бюджеттен оқулық және оқу әдістемелік кешендерге 1,2 млрд теңге бөлінді. Оған 412 мың 029 оқулық алынды. Мектептер толықтай интернет жүйесіне қосылды. Бұған қоса осы жылдың қаңтар айынан бастап 1-4 оқитын 70 мың 173 оқушы және осал отбасыдан шыққан 16 мың 777 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл үрдіс биыл да жалғасын табады», – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердәулетов.

Сонымен қатар барлық білім ұйымдары санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілген.

«Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердің дайындық барысы жіті тексерілді. Соның ішінде білім ошақтарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, турникеттер мен лағыл түймелерінің болуы қадағаланды. Бұған қоса асхананың және жаңа модификацияланған пән кабинеттерінің болуы назарға алынды. Тексеру қорытындысымен білім басқармасына тиісті ұсыныстар берілді», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы бойында білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова.

Жалпы биылғы оқу жылында облыс бойынша мектептерде 23 мың 086 педагог дәріс беретін болады. Оқушыларға «Мектепке жол» акциясы аясында да көмектер көрсетілуде.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,
Қызылорда облысы