Ертең елордадағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында сағат 10:00-де Астана қаласы және республика педагогтеріне арналған «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтеді.
Астанада мұғалімдерге арналған тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтеді
839
оқылды

Оған офлайн және онлайн режимде 11 мыңға жуық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың басшылары, еңбек ардагерлері, педагогтер, өңірлерден келген әкімнің орынбасарлары, мәслихат хатшылары, білім, экономика, құрылыс, қазынашылық басқармаларының басшылары қатысады.

Сессияның негізгі спикерлері ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова болады. Олар онлайн трансляция арқылы қатысады.

Білім беру жүйесіндегі табыстың құпияларымен шетелдік спикерлер доктор, профессор, Сингапур мемлекетінің білім саласындағы халықаралық сарапшысы David Ng және TKVG білім беру технологы, Эстония мұғалімдерін оқыту бойынша жаттықтырушы Людмила Рождественская өз тәжірибелерімен бөліседі.

Бірыңғай республикалық пленарлық сессияны модератор ретінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жүргізеді.

Іскерлік бағдарлама барысында қатысушылар білім беру саласындағы басты үрдістерді, сапалы білім берудің қолжетімділігін, сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын талқылайды.

фото:ortalyq.kz