Өңірлерде «AMANAT» филиалдарының есеп беру-сайлау конференциялары жалғасуда. Бүгін партияның Ақмола облыстық филиалының XL конференциясы өтті.
Ақмола облысында 26 мыңнан астам жұмыс орны ашылды – “AMANAT” бағдарламасы
582
оқылды

Іс-шара барысында партиялықтар соңғы екі жылда атқарылған  жұмысты қорытындылап, алда тұрған міндеттерді талқылады. Сонымен қатар делегаттар 555 адамнан тұратын 2 қалалық және 17 аудандық филиалдардың Саяси кеңестерінің жаңа құрамын бекітті. Биыл Саяси кеңес құрамы 67%-ға жаңарды. Оның 21%-ы – жастар, 46%-ы – әйелдер.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық Саяси кеңесінің мүшесі, өңірлік мәслихат депутаты Айнагүл Балташева сайлауалды уәделердің орындалу барысына тоқталды. Мәселен, облыста 26,6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, 5 мектеп пен 2 қосымша ғимарат пайдалануға берілді және 28 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Сондай-ақ 1,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, 4 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 7 хоккей корты, 54 жаңа спорт алаңы және 6 мәдениет нысаны салынды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында облыстағы 150 шаруаға жалпы сомасы 620 млн теңгеге жеңілдетілген несие берілді.

«Бұл есеп беру-сайлау науқаны – партияны трансформациялау бойынша жүйелі жұмыстың жалғасы. Осындай конференциялар «AMANAT»-тың барлық филиалдарында өтуде. Біз өз жұмысымызды барлық деңгейде жандандырамыз. Қазіргі уақытта негізгі міндет – партияның сайлауалды бағдарламасын және азаматтардың талап-тілегін сапалы жүзеге асыру, жергілікті өкілді органдардағы депутаттық корпустың жұмысын күшейту», – деді «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов.

Айта кету керек, Ақмола облысында 272 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 40 мыңға жуық «AMANAT»  мүшесі бар.

амана

Осы күні Мәди Оспанов Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 300 орындық жатақхана құрылысымен танысты. 5 қабатты ғимарат жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.