Қару ІІО-ның есебінде жоқ болып шықты.
Қызылорда облысында ауаға оқ атқан ер адам ұсталды
889
оқылды

Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады, – деп хабарлады Рolisia.kz.

Оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды.

ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.