25 қазан – Республика күні. Араға 10 жыл салып, қай­та оралған мереке биыл елімізде екінші жыл тойланғалы отыр. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтару туралы заңға қол қойды.
Қайта жаңғырған мереке
1,414
оқылды

Тәуелсіздік тарихына сәл шегініс жасайтын болсақ, 1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғары Кеңе­сінің шешімімен «ҚазКСР-і­нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабыл­данды. Бұл Қазақ­станның Тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат еді. Дек­ларация пәрменімен еліміздің іргетасы қаланды, шекара ше­генделіп, ішкі-сырт­қы сая­сат бағам­далды. Тәуелсіз мем­ле­кет ретіндегі саяси-құ­қықтық негіздері жария­ланды. Ел аумағының тұтас­­тығы, қазақ халқының және жері­мізді ме­кен ететін басқа да эт­нос өкіл­дерінің мәдениетін, дәстүрін қайта түлету, ұлттық болмысты ны­ғайту сияқты мем­лекеттік қағидалар бе­кітілді. Декла­рацияның арқа­сында өз әске­рімізді, мемле­кеттік қауіп­сіздік пен ішкі істер ор­­­­­­ган­­­­­дарын құру құқы­ғына қол жеткіздік. 

1991 жылы Қазақстан Тәуел­сіздік алғаннан кейін Рес­публика күні жыл сайын 25 қазанда тұрақты түрде мем­лекеттік мереке ретінде тойла­на бастады. 1995 жылы 18 қа­занда алғаш рет мемлекеттік мереке болып жарияланды. Халқы­мыз бұл айтулы мере­кені 17 жыл бойы үздіксіз той­лап келген еді. Бірақ соңғы 13 жыл бойы тойланбады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Рес­публи­касын­дағы мере­келер туралы» №267-ІІ заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қата­рына қосылды. Рес­пуб­лика күні мәртебесінен айы­рылды. Ал 2009 жылы сәуірде мереке­лер қатарынан себеп­сізден себепсіз мүлде алы­нып тас­талды.

Былтыр Мемлекет бас­шы­сы Қ.Тоқаев Республика күні­не орай Ақордада өткен салта­натты жиында: «Енді бұл мей­рамды күллі ел болып, жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқы­мыздың рухын көтеріп, елдігі­мізді нығайта тү­сетін аса маңы­з­­­­ды тарихи қа­дам», – деді.

Биыл Астанада мереке кү­ніне орай түрлі іс-шара ұйым­дастырылып жатыр. Кеше «Достық үйінде» «Республика күні – Қазақстан тәуелсізді­гінің бастауы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына  Парламент Сенатының де­пу­та­ты Алишер Сатвалдиев, Астана қаласы Қазақстан хал­қы Ассамблеясының ғы­лы­­­ми-сараптамалық тобы­ның төраға­­сы, тарих ғылым­да­рының докторы Тілеген Са­дықов, Астана қаласы қо­ғам­дық кеңесінің төрағасы Зул­­­­­­­фухар Гаипов, тарих ғы­лым­­дарының докторы Алима Ауанасова, Астана қаласы Ішкі саясат басқарма бас­шысы Нұрдәулет Әлмұханов және басқа да мемлекеттік ор­­гандар мен этномәдени бір­лес­тік­тердің, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері қа­тысты. Конференцияның мақсаты – Республика күні мерекесінің негізі – 1990 жылы қазан айының 25-і күні қа­былданған «ҚазКСР-нің мем­лекеттік егемендігі» туралы декла­ра­­цияның мәні мен мазмұнын, еліміздің тәуел­сіздігі жо­лын­дағы орны мен ерекше­ліктерін ғылыми негіз­де нақтылап, өс­келең ұрпаққа насихаттау, жеткізу. 

«Мерекені тек  концерттік науқан ретінде емес, ұлттық мерекенің символикалық тұр­ғыда елі­міздегі әрбір отба­­сы­ның се­зінуіне, әрбіріміздің жүре­гімізге жетуіне ықпал ету, атап өтудің бір формаларын ай­қындау бойынша осындай алаң құрылып отыр. Тәуел­сіздік құрдастары қазір қоға­мы­мыздың алдыңғы қатарына шығып, елге қызмет ете бас­тады. Ертең елдіктің мем­лекеттік позициясымен шы­ғатын ұрпақ – ол бүгінгі жас­­­­­тар. Сондықтан оларды қазірден бастап тәрбиелеуіміз керек», – деді  Парламент Се­на­тының депутаты Алишер Сатвалдиев.

Конференция барысында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңе­сі қабылдаған «Тәуел­сіздік пен мемлекеттің Егемен­дігі тура­лы» заң  мен 1990 жылы 25 қа­­зан­да қабылданған «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация екеуінің бірін-бірі толық­тырып, заңды, қуатты құжат ретінде қазақ елінің елдігін нығайта түскені туралы ай­тылды. Сонымен қатар Ата Заңымыз –  Кон­ституция негізінде демокра­тия­лық, құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде қалып­та­суы­ның та­рихи белестері мен сая­си-экономикалық, ұлттық біре­гейлік пен этно­саралық мә­­­­де­ниет және ырыс-ынты­мақ, толерант­тылық, бей­­біт­ші­­­лік ұстанымдары тал­қылау тақырыбына ай­налды. Ал Ас­тана қаласы Қоғамдық кеңе­сінің төрағасы Зулфухар Гаипов: 

«Астана қаласы әкім­дігінің қолдауымен үлкен дөңгелек үстел өтіп жатыр. Шынында да, ойлап қарасақ, декларация егемендігіміздің жаршысы және бастауы болды. Ол тек 17 бө­лімнен тұр­ды. Соған қа­рамастан еге­менді­гіміздің не­гізін қалап берді. Себебі дек­ларация Қазақ­станның рә­­­­­­­­міз­­дері тура­лы, оның тер­ри­­ториялық бір­тұтастығы жә­не билік ин­сти­туттары ту­ралы нақты шешім­дер қабыл­данған бола­тын. Сон­дықтан келешек ұрпаққа ұлт­тық мере­ке – Рес­публика мере­кесінің тарихи маңызын түсіндіру, жастарға ой салу ке­рек», – деді. 

Жиын күн тәртібі қатысу­шылардың ұсыныс-пікірлерін талқылау бойынша қарар қа­былдаумен аяқталды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ