Әзірге азаматтарды тіркеу бойынша шектеулер енгізу ұсынылып отыр.
– Қазір заң жобасы әзірленіп, қосымша талқылау жүріп жатыр. Біз осы қағидалар шеңберінде азаматтарды тіркеу кезінде отбасы мүшелерінің жалпы санын қоспағанда, әр адамға 18 шаршы метрден аспауы керек деген норманы қарастырдық. Яғни, тұтас отбасы осы пәтерге, тұрғын үйге толық тіркеледі. Отбасынан тыс адамдар болса, онда отбасының әр мүшесіне 18 шаршы метр бөлу процесі жүретіндей ойластырдық. Дегенмен әділет органдары бұл шараны Конституцияға сәйкес келмейді деп ұйғарды және қабылдамады. Қазір біз тіркеуді шектеу бойынша осы процесті реттеу құқығын беру үшін жоғарыда айтқан заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіп жатырмыз, – деді Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов қаланың қоғамдық кеңесінің отырысында.
фото: kaz.inform.kz