Бүгінгі валюта бағамы қандай?
1 желтоқсанға арналған ресми валюта бағамы
Фото: zakon.kz
1,812
оқылды

Ұлттық банк 1 желтоқсанға арналған ресми валюта бағамын белгіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар құны – 458,04 теңге, ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,17 теңге болып бекітілді.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459-463 теңгеден сатылса, Алматыда доллар құны 458,9 – 461,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал ресейлік валюта Алматыда 5,01-5,21 теңге, Астанада 5,07-5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.