Алматы қаласына 55 тро­л­лейбус жеткізілді, оның 19-ы №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 ба­ғыттарға берілді. Қала әкімдігінің хабар­лауынша, көрсетілген ба­ғыт­тар бойынша тағы 17 жаңа троллейбус қосыл­ған.
17 жаңа троллейбус қосылды
459
оқылды

Техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолау­шылар тасымалына қосылады, соның нәтижесінде барлық 9 троллейбус бағыты бойынша 60% жаңа троллейбус жолға шы­­ғады.  

Бұрын хабарланғандай, Ал­матының №1 троллейбус паркі Yutong ZK6128BEVG 12 метрлік төмен еденді троллейбустардың бірінші партиясын алды. Жыл­жымалы құрам соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр.

Жаңа «Ютонгтар» жолаушы­лардың жайлы әрі қауіпсіз қоз­ғалысы үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалса да ба­та­реямен жүре алады.