Бүгін ауа райы жауын-шашынды болады.
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
2,743
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін елімізде ауа райы жауын-шашынды болады.

Республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ел аумағы бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.