Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаят Алматыдағы университеттердің бірінің жатақханаларында қызылшадан екі сту­дент көз жұмғаны туралы ақ­параттың жал­ған екенін айтады.
Қызылшадан көз жұмғандар жоқ
583
оқылды

«Елімізде бүгінгі күні қызылша ауруынан көз жұмған адам жоқ. Медициналық қызмет­керлер түсіп жатқан науқастарға дер ке­зінде көмек көр­сетіп жатыр. Жабық оқу орын­дарында жұмыс іс­тейтін немесе жата­қханаларда тұратын студенттер не болмаса адам көп тоғысқан жерде болған балалар бұрын вакцина алмағандықтан, ешқандай иммунитеті жоқ болғандықтан ауырып жатыр. 1-2 бала үшін карантин болмайды, – дейді министр.

Ғинияттың сөзінше, ауырған балалар оқшау­ланады. Егер олардың жағдайы ауыр болса, онда ауру­ханаға жатқызылады. Ауыр болмаса, үйде оқ­шаулау әдістері қолданылады.

Министрліктің дерегінше, бүгінгі таңда қызыл­ша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағ­дайы тіркелген.