Қазір Мәжілісте арнайы заң қаралып жатыр.
Мектепте оқушылардың телефон ұстауына қандай жағдайда тыйым салынады?
3,301
оқылды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте оқушылардың телефон ұстауына қандай жағдайда тыйым салынатынын айтты, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мектеп сапалы білім мен сапалы тәрбие беруі керек. Сондықтан да бала сабақ барысында мұғалімнің беріп жатқан материалын толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдау... (қажет). Әрине,  бүгінде біздің балаларымызды осы смартфондардың алаңдататыны белгілі»,  деді ол.

Министр мұндай тыйымның ата-аналар тарапынан келген шағымдардың нәтижесінде қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ ол Мәжілісте арнайы заңның қаралып жатқанына тоқталды.

«Бұл  сабақ барысында ғана мұғалімнің рұқсатынсыз смартфон пайдалануға болмайтыны  туралы заң. Кейін сабақ біткен соң одан тыс уақытта ата-анасына хабарласып, мән-жайын айтса болады. Бұл тек қана сабақ барысына енгізілетін шектеу деп қабылдауымыз керек»,  деді Бейсембаев.