Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуларын сұрайды.
10 бас жылқы жүк пойызының астына түсті
7,106
оқылды

Биылғы жылдың 11 айында Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 786 фактісі тіркелді, еліміздің теміржолында 1 055 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді, оның ішінде 571 бас жылқы, 309 бас ірі қара, 87 ұсақ мал және басқалары.

Мәселен, биылғы жылдың  2 желтоқсанында Ақмола облысы “Қырықыншы-Сарыоба”стансаларының аралығында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 7 жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 38 минутты құрады.

Тексеру барысында Астана стансасындағы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесі, елорданың 45 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  559-бабы  1-бөлігі, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Дәл осындай факт 4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы “Пресногорьковск-Бауманский” аралығында да болды. Жүк пойызының машинисі жылқы табынын байқап, шұғыл тежеуді қолданды. Алайда үш бас жылқы жүк пойызының астына түсті. Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иесі Солтүстік Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 25 бас жылқы қораға қамалды.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуларын сұрайды.