Қазақстанның барлық аумағында тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
Жауын-шашын, көктайғақ: 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
1,164
оқылды

"Қазгидромет" 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республиканың басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсері жалғасады. Соның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады.

Тек батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі. Елдің шығысында өте қатты жел соғады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады.

Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта желдің күші артып, 30 м/с және одан жоғары болады.