Аймақтағы полиция департаментінің өкілдері мұғалімнің ұсталғанын мәлімдеді.
Қызылордалық педагог оқушыға зорлық-зомбылық көрсеткен
1,185
оқылды

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында мектеп мұғалімі оқушыға зорлық жасағаны туралы ақпарат тарады, – деп хабарлайды7

Полицияның NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында бұл дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғаны жазылған.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша дерек жария етілмейді", – делінген Облыстық полиция департаментінің хабарламасында.