Брифинг сағат 12:00-де басталады деп жоспарланған.
Үкіметте "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты брифинг өтеді
Фото: inbusiness.kz
2,092
оқылды

Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Таңертең Үкіметтің баспасөз қызметі Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баспасөз мәслихаты өтетіні туралы хабарлама таратты. Брифинг сағат 12:00-де басталады деп жоспарланған. Тақырып "АрселорМиттал Теміртау" деп көрсетілген.

30 қарашада Индустрия және құрылыс министрлігі Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімнің соңғы кезеңіне жақындап қалғанын хабарлаған болатын. Бұл шараның маңыздылығын ескере отырып, министрлік мәміле аяқталғаннан кейін дереу брифинг өткізуге уәде берді.

Үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісім толығымен аяқталып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының акциялары Қазақстанға берілген. Үкімет бүгін кәсіпорынға 3 миллиард долларға жуық инвестиция салуы тиіс отандық инвестордың есімін жариялауы мүмкін.