Ырғыз ауданындағы Жаныс би және Шеңбертал ауылдарының тұрғындары ауызсуға зар болғаны жайында талай айтылды.
Халықтың батасын алған «AMANAT»
1,105
оқылды

Тіпті, жергілікті халық ішер суын қоғамдық құдықтан тасып ішуге мәжбүр болған. Осыған орай «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің инспекторы Клара Исламова ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдап, мәселенің оң шешілуіне атсалысты.

Аталған ауылдар қаладан 360 шақырым жерде орналасқан. Оларға су құбырын тарту жұмысы 2020 жылы басталып, 41 шақырымнан асатын су құбыры тартылды. Алайда көптің қуанышы ұзаққа созылмады.

– Су 2021 жылы беріліп еді. Күн суыта біртіндеп қатып қалды. Күн жылыған соң тоң еріп, су қайта ағатын болар деп үміттендік. Қазір бір-бір құдық қазып алып, суын сүзіп ішіп отырмыз. Судың қоры азайып келе ме, қазған жерден су да шықпайды», – дейді ауыл тұрғыны Жолан Әбенов.

Бүгінде Ырғыз ауданының Жаныс би мен Шеңбертал ауылында 2000-ға жуық тұрғыны бар. Олар үйде сарылдап су ағып тұрғанына сене алар емес.

– Осы ауылдардағы ауызсу мәселесі шешіліп, таза судың берілгеніне тұрғындар мәз. Негізі осы мәселені бұған дейін көтеріп, «AMANAT» партиясы өз бақылауына алған болатын. Міне, бұл сол жұмыстардың нәтижесі. Тап-таза ауызсумен тұрғындар қамтылды. Мәселесі көп нысан болғандықтан бәрі бірден шешіле қоймас. Дегенмен әр мәселені уақытымен шешуге тырысып жатырмыз, Партия бұл мәселені соңына дейін бақылауға алады. Өйткені Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету – Президенттің берген тапсырмасы. Сондай-ақ бұл мәселені шешу партиямыздың бағдарламасында да көзделген. Оны орындау, қадағалау – міндетіміз», – дейді «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің инспекторы Клара Исламова.

Оның айтуынша, мердігер мекеме олқылықтарды жойып, жағдайды реттегеннен кейін нысан жергілікті биліктің балансына өтпек. еді.

– Осы күнге дейін ауыз судың азабын тартып келді. Аллаға шүкір, қазір ауызсуымыз, газымыз, жарығымыз бар, – дейді көпбалалы ана Гүлзат Баймұқашева.