Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Алматыда да, Қонаев қаласында да тұман болады.
9 желтоқсанда қай облыстарда -42 градус аяз болады?
1,155
оқылды

Қазақстанның жеті аймағында дауылды ескерту жарияланды, тағы үш қалада екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар тууы мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Түнде Павлодар облысының басым бөлігінде сақылдаған аяз болып, сынап бағаны -37, -42 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында, батысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде сақылдаған сары аяз болады, сынап бағаны -35, -40 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. Түнде Петропавлда да аяз болады: -36...-38°C.

Түнде Ақмола облысында сынап бағаны -40°C көрсетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алакөл ауданында, облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсанда сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.

8 желтоқсанда сағат 21:00-ден 9 желтоқсандағы 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту жарияланды.