Өтеген Оралбайұлының шығармашылық кешіне әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдар мен қала тұрғындары қатысты. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қаламерді құттықтап, оның қазақ әдебиетін дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті.
«Поэзия – бұл жүректен шыққан сөздер, ол халықтың рухын көтереді, адамдарды бір-біріне жақындастырады. Кітап жастарға өмір философиясы туралы байыпты ойлауға мүмкіндік беретін құрал болатынына сенімдімін», – деді Н.Ноғаев.
Өтеген Оралбайұлының шығармашылығы тек поэзиямен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар бес жүзден астам мақала жазған публицист. Аудармашы ретінде әлемнің қырықтан астам туындысын қазақ тіліне тәржімалады. Сондай-ақ отыздан астам ән мәтіндерінің авторы.
фото: gov.kz