Оқиға орнынан өлі табылғандардың денесін жартылай күйік шалған.
БҚО-да 2 адам қайғылы жағдайда көз жұмды
1,486
оқылды

БҚО-дағы Бәйтерек ауданы Садовое ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт шыққаны жөніндегі хабарлама 10 желтоқсан күні сағат 07:25-те түскен. Тілсіз жау салдарынан үйдің төбесі, жеке заттары және ішінара шатыры жанған.

«Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан 40 және 30 жастағы екі адамның жартылай күйік шалған денесі табылды. Өрт сағат 08:55-те жойылды. Себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде жеке құрамның 21 адамы және алты техникасы бірлігі жұмыс істеді.