Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Бұрқасын, аяз, көктайғақ: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: sitv.ru
1,518
оқылды

"Қазгидромет" 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Елдің басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, аяз түседі. Тек еліміздің батысы мен шығысында жауын-шашын болмайды.

Республиканың оңтүстік жартысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, таулы аудандарда кей уақыттарда қар қатты жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Жетісу облысының, Алматы облысының таулы аудандарында, түнде оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қар қатты жауады.