Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Мәжіліс отырысы өтті
641
оқылды

Депутаттардың талқылауына трансферттік баға белгілеу мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Заң жобасы транс­ферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру, әрі капи­тал­дың елден шығарылуын ба­қылау шараларын күшейту мақ­са­тымен әзірленген. Бұл халық­аралық іскерлік операцияларда және олармен байланысты мәмі­ле­лерде мемлекеттік кірістің азаюын болдырмауға оң әсер етеді.

Депутаттар алдағы жалпы отырыста 2014 жылғы 29 ма­мыр­дағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қо­сылуына байланысты өзгеріс енгізу туралы хат­таманы ратификациялау жо­басын да қарайды.

Сонымен қатар Мәжіліс ко­митеттері «Акваөсіру тура­лы» заң жобасы, ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәсе­лелері бойынша түзетулер мен бірқатар халықаралық келісім­дерді ратифи­кациялау туралы заң жобасын қарайды.