Астанада 13 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды, – деп хабарлады елорданың Білім басқармасы.
«2023 жылғы 13 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11-сынып оқушылары, колледждерде 1-2-курс (9-сыныптан кейін түскен) студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанда аяздың беті 14 желтоқсаннан кейін қайтатынын хабарлады.