Елдің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді.
Екпінді жел, аяз, бұрқасын: 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
1,301
оқылды

«Қазгидромет» 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін елдің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, күн көбінесе жауын-шашынсыз, алайда аязды болады.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарындағы таулы аудандарда, Жетісу облысының таулы аудандарында 33-38°С аяз болады.

Түркістан облысының таулы асуларында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында кей уақытта өте күшті жел соғып, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді немесе одан да жоғары болады деп күтілуде.