Сақылдаған сары аяз Алматы облысында да қайтпай тұр.
AMANAT: Алматы облысында жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті
1,340
оқылды

Сақылдаған сары аяз Алматы облысында да қайтпай тұр. Бұрқасын жел салдарынан республикалық маңызы бар жолдар жабылған болатын.

Оның ішінде, Жамбыл ауданының автомобиль жолының «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 59-143 шақырымына барлық автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды.

AMANAT партиясы белсенділері аязды күні жолда қалған жүргізушілерге көмек қолын созды. Олар ыстық шай мен тамақ ұсыну сынды қам­қорлық шараларын қолға алды.

«Аманаттықтар жолда қалған әрбір көлікке ас жеткізіп беруде. Жолаушылар өз алғысын білдіріп жатыр», – дейді аудандық партия филиалының төрағасы Ықылас Амалбек.

Автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар мен қызметкерлер жұмылдырылып, жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр.