"Қазгидромет" 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады.
Республиканың солтүстік-батысында толассыз қалың қар жауып, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын болады. Тек солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлеріне жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Қазақстан бойынша бұрқасын соғып, көктайғақ болады, екпінді жел тұрады.
Ал батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста тұман түседі.