Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Сұңғат Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
954
оқылды

Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.

1996-2000 жылдары аралығында «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары аралығында ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде жетекші маманның м.а., бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерде директор болды.

2008 жылы – «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары – Павлодар облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а., басқарма басшысы.

2010-2013 жылдары – «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті.

2013-2014 жылдары – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының м.а., департамент директоры.

2014-2018 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы.

2018-2020 жылдары – ҚР Энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021-2022 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.