1 қаңтардан бастап кіріс декларациясын тапсыратындардың қатарына 3,9 млн адам қосылады. Бұл туралы 2025 жылы күшіне енетін Салық кодексі талқыланған жиында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
Декларация тапсыратындар көбеймек
649
оқылды

«Қазір Ұлттық экономика министрлігі сала­сында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жаңа кодекс 2025 жылдан бастап іске асады. Қазір бастапқы баптарын талқылап жүрміз. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталады. Бұл үшінші кезеңде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұл­­ғалардың құрылтайшылары кіріс декларациясын тапсыру керек. Яғни, 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін тапсырып, бүкіл активтер көрсетілуі тиіс. Тапсыратындардың саны – 3,9 млн адам», – деді Ержан Біржанов.