Қазақстандық «Астана Опера» труппасы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Дубай Опера» сахнасында алғаш рет өнер көрсетті.
Жаңажылдық ертегі
1,006
оқылды

Аталмыш балет труппасы дубайлық көрермендердің назарына біртуар хореограф Ю.Григоровичтің қойылымындағы П.Чайковскийдің «Щелкунчик» ғажайып балетін ұсынды. 

«Дубай Опера» сахнасындағы өнер көрсету биылғы жылды түйіндейді. Қазақстандық балет өнерін осынау керемет сахнада таныстыру – біз үшін үлкен қуаныш. Бұл гастрольдің әртістерімізге шабыт сыйлап, жаңа жобаларды құлшыныспен орындауға серпін беретініне сенімдімін, – деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.