Нью-Йоркте жас таланттар өнер фес­тивалі өтті. Оған еліміздің атынан «Әлқисса» домбырашылар ансамблі мен жеке дом­бырашы Нұрлан Мұратұлы қатысып, бас жүл­дені қанжығалады.
Нью-Йоркте әуелеген әуен
1,515
оқылды

Әлемнің әр түкпірінен келген дарынды өнер иелерінің басын қосқан бұл байқауға қазақстандық жас өрендермен қатар, АҚШ және Қытай өкілдері қатысты. Лауреаттардың, оның ішінде қазақстандық жеңімпаздардың қорытынды концерті 16 желтоқ­санда Вашингтонда өтті. Жеңіс туын желбіреткен «Әлқисса» домбыра студиясының директоры Қанат Сәден: «Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қазақтың домбырасы бүкіл әлемге шарықтап жатыр. Соның бір айғағы ретінде «Әлқисса» домбыра студиясы келіп, Американың төрінде қазақтың домбырасын күмбірлетіп, балалардың орындауында халыққа деген өздерінің өнерін танытып жатыр. Біз оған өте қуаныштымыз», – деді. 

Ал жеңімпаз атанған домбыра студиясының негізін қалаушы Ғалиябану Ерболған Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де домбырада ойнауды үйренуге үлкен қызығушылық бар екенін айтты.