Бүгін ауа райы қандай болады?
Екпінді жел, көктайғақ: 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
© Sputnik
1,137
оқылды

"Қазгидромет" 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, түнде солтүстікте және шығыста қатты қар жауады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста –  бұрқасын, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі», –  деп жазды синоптиктер.